Панфилов ауданы кітапханасы

panfilov audandyk k.jpg - 16.46 Kb1920 жылы Жаркент қалалық кітапханада 21000 томдық кітап қоры толықтырылды. 1931 жылы Жаркент ауданы бойынша 9 кітап оқу үйі және қалада Орталық кітапхана жұмыс істеген. 1956 жылы Жаркент қаласында 21342 дана кітап қоры бар аудандық кітапхана жұмыс істеді. 1975 жылы Жаркент кітапханасы аудандық мәдениет үйінің батыс бөліміне қоныс тепті, қазіргі күнге дейін осында. 1979 жылы Орталықтанған кітапхана жүйесі құрылып, оның филиалдарының саны 50-ге жетті. 1999 жылы аудандық мәдениет бөлімінің таратылуына байланысты кітапхана мемлекеттік мекеме мәртебесін алды. Қарамағында 25 кітапхана, оның ішінде бір балалар кітапханасы, бір қалалық және 22 ауылдық кітапханалары бар аудандық кітапхана бүгінде әдіскерлік орталық болып табылады.

Кітапхананың мекен-жайы: Жаркент қаласы, Розыбакиева к-сі №22. Мәдениет үйінде орналасқан.
Халық саны – 42624
Салынған жылы – 1975
Ашылған жылы – 1926
Көлемі – 400 ш.м.
Штат бірлігі – 7
Қызметкерлер саны — 7, оның ішінде кітапханашылар – 5
Кітап қоры – 40916, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1120
Оқырмандар саны – 5024
Материалдық-техникалық базасы:panfilov audandyk.jpg - 23.48 Kb
Интернет – бар
КАБИС – бар
Компьютер саны – 14
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 90
Кафедра – жоқ
Каталог – 2
Үстел – 18
Орындық – 40
Күрделі жөндеу қажеттілігі – жоқ
Жылу жүйесі – электр қуаты
Автокөлік – 1 (УАЗ)
Кітапхана директоры — Сұлтанбекова Дария Бекжігітқызы

Реклама